Вакцинаның маңызы жоғары

Вакцинаның маңызы жоғары

Мемлекет басшысы екпенің маңыздылығы туралы «1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», -деген еді. Қазіргі кезде вакцинация туралы түрлі әңгімелер айтылып жатқаны жасырын емес. Бірақ сол жандардың дені індет дендеген сайын оны жеңудің бірден бір жол екпе алу керек екенін түсіне бастаған сыңайлы. Вакциналау көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келе жатқан тәсіл. Мұны дәрігерлер мен мамандар түсіндіруде. Науырзым аудандық ауруханасы осы уақытқа дейін аудан халқының 47 пайызына вакцина салған. Басында келуге қорқып, күмәнмен қарағандар қазір өздері келіп екпе салдыруда екен. - Мұнда сонау 1988 жылдан бері еңбек етіп келемін. Қазіргі уақытта аудан бойынша 2397 адам вакцина алды. Адамдар басында дұрыс қабылдамады. Қазір олай емес. Өздері келіп, вакцина алуда. Күніне елуге жуық адамнан алады. Ауруханада екі кабинетте қабылдап жатырмыз. Шалғай ауылдарға арнайы көлік шығып, халықты қабылдады. Бірақ вакциналар бір температурада тұруы керек. Соны да ескереміз. Сондықан ауруханаға келіп алғаны дұрыс. Вирусты жеңу үшін вакцина алу керек. Осыны түсінуіміз керек. Әр жерде анықталмаған теріс ақпаратттарға сенбеген жөн. Қоғамда неғұрлым көп адамға вакцина егілсе, со­ғұрлым ауру қоздырғыштың адам­нан адамға беру мүмкіндігі төмендейді. Мұның бәрі де зерттелген. Егер ха­лық­тың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетіп, мына жағдайдан тезірек шығар едік, – дейді аудандық аурухананың бас медбикесі Айшагүл Құлманова.



AITOLQYN AIQADAMOVA http://www.kostanaytany.kz