Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда нақты лауазымдық өкілеттіктерді бөлумен қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.
Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауын іске асыру барысында Қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізуге қатысты Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 19 желтоқсанындағы Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі - Заң).
Заңға сәйкес прокурор қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қозғайтын 5 негізгі процессуалдық шешімді келіседі (адамды күдікті ретінде тану, іс-әрекеттердің саралануын айқындау, қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау, қылмыстық құқық бұзушылықты тоқтату және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу).
Сот төрелігінің үш буынды моделі барлық дерлік елдерде қолданылады. Аталған бұл моделде қылмыстық процеске үш буын жауап береді: полиция, прокуратура және сот. Бұл құрылымдар арасындағы өкілеттіктер нақты анықталған.
Бірінші буын - полиция, оның жұмысы қылмыстарды анықтау, оған қатысты тұлғаларды анықтау, дәлелдемелерді жинау болып табылады.
Екінші буын - прокурор, ол адал азаматтарды қылмыстық процеске тартуға мүмкіндік бермейтін жоғарыда көрсетілген іс жүргізу шешімдерін келісуге немесе бас тартуға міндетті.
Үшінші буын - сот, ол органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және іс бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімін шығарады.
Бұл модельдің жағымды жағы полиция органдары қабылдаған процессуалдық шешімдерді тексерудің тиімділігі.
Мысалы, адамды күдікті ретінде тану туралы процессуалдық шешім қабылданған жағдайда қаулы дереу прокуратураға келісу үшін келіп түседі, онда прокурор тәулік ішінде келісімін білдіреді немесе оны келісуден бас тартады.
Мұндай модель азаматтардың қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартылуын, ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың Қылмыстық кодекстің онша ауыр емес баптары бойынша саралануын, күдікті адамдардың іс-әрекеттерінің біліктілігін қате саралануын жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында қылмыстық істерді тоқтату туралы қабылданған шешімдердің заңдылығын прокуратура бұрынғыдай ай емес 10 тәулік ішінде тексереді, бұл полиция органдарының қарамағынан заңсыз тоқтатуға қатысты азаматтардың өтініштерінің санын айтарлықтай қысқартты.
2021 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасымен 4567 негізгі процессуалдық шешімдер келісілді, 724 негізгі шешімдер келісуден бас тартылды.
Айта кету қажет, 2021 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасымен келісілген процессуалдық шешімдер бойынша Конституциялық құқықтардың бұзылуына жол берілген жоқ.
Қостанай қаласының прокуратурасы