Құрметті қостанайлықтар!
Мұсылман қауымның киелі мерекесі Құрбан айтпен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отырған Қазақстан, осынау жылдар бойы, конфессияаралық қатынас саласында саналы мемлекеттік саясатты жүргізіп келеді. Оның негізінде қоғамдағы демократиялық заңнама, ішкі саяси тұрақтылық және рухани келісім жатыр.
Біздің мемлекетіміз әртүрлі діни нанымдағы ауызбірлік пен бейбітшіліктің, өзара түсіністік пен келісімнің жарқын үлгісін паш еткен көп ұлтты халқымыздың ортақ Отаны. Барлық этнос асыға күтіп, атап өтетін Құрбан айт мерекесі мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық және жақындарына деген қамқорлық салтанатының көрінісі.
Құрметті қостанайлықтар! Құрбан айт – рухани асыл, ақыл-ой тазалығы және кешірімділік мерекесі сіздердің үйлеріңізге отбасылық бақыт, құт-береке әкелсін!
Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қоғамдық іс-шараларды өткізу шектелгенін естеріңізге саламын.
Құрметпен,Қостанай қаласының әкімі Қ. Ахметов