Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы№ 908 қаулысына сәйкес бәсекелес ортаға беру жөніндегі коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілді. Аталған тізбеге Қостанай қаласы бойынша 4 ұйым кірді, оларды сату былайша жоспарланды:

- 2021 жылға «Наш Костанай» газеті» ЖШС (жарғылық капиталға қатысу үлесінің 50%);

- 2021 жылға; «ЖКХремонт» ЖШС (жарғылық капиталға қатысу үлесінің 49%);

- 2024 жылға Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (мүліктік кешен ретінде);

-2028 жылға «Тазалық-2012» ЖШС (жарғылық капиталға қатысу үлесінің 100%).

«Наш Костанай» газеті» ЖШС (жарғылық капиталға қатысу үлесінің 50%) және «ЖКХремонт» ЖШС (жарғылық капиталға қатысу үлесінің 49%) коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша тендер өткізу шілде айына «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы арқылы белгіленген www.gosreestr.kz.

Тендерді ұйымдастырушы: «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қосымша ақпаратты 533-477 телефоны арқылы алуға болады.

Веб-порталды техникалық қолдау www.gosreestr.kz телефондар: 501-887, 501-902.