Мемлекеттік қызметші күніне арналған құттықтау

Мемлекеттік қызметші күніне арналған құттықтау

Құрметті әріптестер!

Шын жүректен мемлекеттік қызмет саласы ардагерлері мен қызметкерлерді кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын.

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсіби деңгейге жеткізу және мемлекеттік басқарудың бәсекеге қабілеттілігін артыруда мемлекеттік қызмет туралы заң, бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сынды құжаттардың алатын орны ерекше екенін атап өткім келеді. Ондағы көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында мол тәжірибе жиналды.

Сондықтан өз ісін жетік меңгерген, мамандығына адал мемлекет­тік қызметшілер елге қызмет еткенде ғана, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                                           Қ.Ахметов