Полиция күнімен!

Полиция күнімен!

Құрметті полиция қызметкерлері, ішкі істер органдарының әскери қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – қазақстандық полициясы күнімен құттықтаймын.

Бұл мереке - осы жауапты қызметті жолға қоюға атсалысқан ардагерлерге және бүгінде қатарда еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта отандастарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.

Тәуелсіздік алып бостандық құндылықтарына, демократияға негізделген құқықтық мемлекет құруға бет алған заманда, бұл салада аса қажетті зор тәжірибе жиналды.

Біздің полицияда нағыз өз кәсібінің шеберлері, жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Олар құқық қорғаушылар деген мәртебелі атақты абыроймен атқарып жүр.

Сіздердің табанды да адал еңбектеріңізді, антқа беріктілік пен қызметтік міндеттеріңізді орындау кезіндегі жауапкершіліктеріңізді жоғары бағалаймын және ризашылығымызды білдіремін.

Осынау жарқын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасында бақыт, Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізде береке және зор табыс тілеймін!

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                              Қ. Ахметов