Медицина қызметкерлері күнімен!

Медицина қызметкерлері күнімен!

Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің қызметтеріңіз адам денсаулығын сақтауға, олардың руханиятын нығайтуға бағытталған.

Медицина қызметкерлері өз білімімен, еңбегімен, жанашырлығымен және жауапкершілігімен біздің азаматтарымызға ауруды жеңуге және өмірдің қуанышына бөленуге көмектеседі.

Сіздердің иықтарыңызда үлкен жауапкершілік жүгі жатыр: сіздер ең қымбат құндылық – адам өмірі мен денсаулығын сақтайсыздар. Азаматтарға қызмет ету - сіздердің асыл да, жанқиярлық еңбегіңіз деп білеміз. Мұнда бір ғана шеберлік, энциклопедиялық білім жеткіліксіз, сіздер жанкештілікпен, үнемі сырқатпен бетпе-бет күресіп, басқалардың қайғы-қасіретін жеңілдетуге, демалыс пен ұйқыны ұмытып, науқастың тез қалпына келуіне жағдай жасап келесіздер.

Біз қаламыздың медицина саласының көптеген мамандарын мақтан тұтамыз, олар халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға лайықты үлес қосып келеді, өз біліктіліктерін арттырып, әсіресе бүгінгі күрделі жағдайларда үлкен профилактикалық жұмыстарды абыроймен атқаруда.

Осынау шуақты күні медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасына амандық, сарқылмас өмірлік қуат пен қостанайлықтардың игілігі жолындағы ерен еңбектеріне табыс тілеймін!

Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                                              Қ. Ахметов