iKomek орталығындағы кездесу

iKomek орталығындағы кездесу

Бүгін Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай - күйі және "2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бағдарламасының" орындалу барысы туралы "Nur Otan" партиясының орталық аппараты жұмыс тобы бағдарламасы шеңберінде қала әкімі Ахметов Қ.Ж. iKomek Ахуалдық орталығы және "Қостанай-көмек алаңы" фронт-офисі базасында жұмыс тобының жетекшісі Ж. Қ. Рысбекова бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Қонақтарды алдымен iKomek қызметімен таныстырды, онда тіршілікті қамтамасыз етудің барлық салалары қамтылған: ТКШ, тұрғын үй қатынастары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сауда және кәсіпкерлік және т. б.

Халықтан келіп түсетін мәселелерді жүйелеу және талдау негізінде толықтырылатын орталық жұмысы кезіндегі қалыптасқан білім базасы көрнекі түрде көрсетілді.

Сондай-ақ делегация назарына "Қостанай - көмек алаңы"фронт-офисінің жұмысын ұсынды.

"Жоба Елбасының " 100 нақты қадам "Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігі қағидатын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды.

Қызмет алу кезінде кедергісіз кеңістікті қамтамасыз етудің артықшылығы бар. Турникеттер, күзет бекеті жоқ, олар бұрын азаматтар барған кезде белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін.

Келушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған", - деп қорытындылады өз сөзін қала басшысы кездесу барысында.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі