Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Қымбатты балалар!
Барлық оқушылар үшін ең қуанышты,әсерлі әрі көптен күткен соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Алда емтихандар мен Ұлттық бірыңғай тестілеукезеңі және ең маңызды қадам – болашақ мамандықты таңдау уақыты күтіп тұр. Бүгінгі күні әрбір түлек алға қойған мақсатына жетуі және өзінің әлеуетін толық ашуы үшін барлық жағдай жасалған. Ал табысқа жету жолы адамның жеке бастамасына, өзіне деген сенімділігіне және алға қарай ұмтылуына байланысты.
Құрметті мұғалімдер! Бұл күні сіздерге ерекше жылы сөздер арналады, себебі сіздер қолдау көрсеткенде ғана біздің балаларымыз керемет білім әлемін ашады, құнды өмірлік тәжірибеге ие болады және ғылымның құпияларын таниды.
Құрметті ата-аналар! Сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін. Балалардың жетістіктері сіздердің сүйіспеншілік, қамқорлық және шыдамдылықтарыңыз үшін сыйақы болсын.
Құрметті түлектер! Бүгін Сіздер үшін жаңа ересек өмірге қадам басу күні келіп жетті, сіздерді жаңа ашылулар және жарқын жетістіктермен бірге, көптеген сынақтар да күтіп тұр. Сіздер өз нәтижелеріңіз бен жетістіктеріңіз арқылы қазақстандық білімсапасының жоғары стандартын растайсыздар. Ерекше идеяларды ұсыну, батыл жобаларды жүзеге асыру, біздің қаламыздың және еліміздің дамуын анықтау – бұның бәрі бүгінгі түлектердің қолында. Сіздер – Қостанай қаласының ең қымбат, ең құнды адами капиталысыздар және Қазақстанның болашағы сіздерге тәуелді.
Жаңа өмір жолында сәттілік тілеймін. Жолдарыңыз ашық болсын!
Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметов