Қала әкімінің құттықтауы

Қала әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!

Бүгін отыз күн ораза тұтып, аллаға мінәжат еткен әлемдегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке Ораза айт басталды.

Қасиетті Рамазан айының аяқталып, осынау жарқын мерекенің басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Оразаның адамзат баласын береке мен бірлікке, сабырлық пен төзімділікке бастайтын асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың ырыс-ынтымағы одан әрі арта түспек. Сондықтан, баршаңыздың қылған дұғаларыңыз, тілеген тілекткріңіз қабыл болсын. Еліміз өркендеп, әрдайым осындай мүбәрак мерекелер ауызбіршілігімз бен татулығымызды нығайтып, қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімді арттыра берсін.

Ораза айт құтты болсын, ағайын!

Құрметпен,Қостанай қаласының әкімі                                               Қ. Ахметов