Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Қостанай қаласының әкімі Қ.ЖқАхметов тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, жер қатынастары, заң қызметі және партияның қалалық филиалы басшысының қатысуымен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді.

Барлығы жарияланған тізім бойынша 10 адам қабылданды. Қойылған сұрақтардың көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз етуге және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты, жер телімін беру, коммуникациямен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеу мәселелерін қамтыды. Қабылдау қорытындысы бойынша өтініш берушілерге түсініктемелер берілді, жолдарды жөндеу және байланыс мәселелері бойынша сұрақтарға қала әкімі жауапты қызмет басшылырына жеке барып қарастыруды тапсырды.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі