Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Құрметті қостанайлықтар!

Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар.

9 Мамыр - сұрапыл соғыс құрбандарын еске алу, барлық кейінгі ұрпақ үшін ерлік пен батылдықтың  жарқын  үлгісі. 

Соғысқа қатысқан аға буын өкілдері майдандарда батылдықпен шайқасып, тылда аянбай еңбек етті. Бәрі де сол кездің ауыртпалықтарына төзімділік көрсетіп, жеңісті жақындатуға атсалысты.

Ұлы Жеңіске қостанайлық даңқты жерлестеріміз де өз үлестерін қосты. Біздің қалада құрылған атқыштар бригадасының жауынгерлері бүкіл Еурпаны басып өтті. Берлинге дейін жетіп, Рейхстахқа ту тікті.

Кешегі қанды майдандағы шайқастарда Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиған, осы жарқын күндерге жетпеген ардақты жандарға үлкен құрметпен қарап, оларға тағзым ету біздің парыз.

Қымбатты ардагрлер! Соғыстағы және еңбектегі көрсеткен ерліктеріңіз үшін шынайы алғыстарымызды білдіреміз. Сіздерге және жақындарыңызға  зор денсаулық, ізгілік, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тілеймін.

Құрметпен,Қостанай қаласының әкімі                            Қ . Ахметов