Қала әкімі соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

Қала әкімі соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

Бүгін  8 мамырда, соғыс ардагері Нұрышев Ділдәбекті Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж.Ахметов арнайы барып құттықтап шықты. Осы кісі секілді барлық арадагерлерімізге де, әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік мекемелер басшылыры тарапынан құрмет көрсетілді.

"Майдан бригадалары" акциясы аясында ардагерлер тұрып жатқан үйлердің ауласында 4 мамрдан бастап концерттік құттықтаулар ұйымдастырылған болатын. Ардагерлерімізге құрмет көрсету біздің парызымыз.

         Бүгінде облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 33 қатысушысы тұрады. Қостанай қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындаудың Қағидалары негізінде Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне жергілікті бюджеттен 1 млн.теңгеден төленді, бұдан басқа ай сайын тұрмыстық қажеттіліктерге 10 АЕК-тен төленеді. Ең бастысы-ардагерлерге жан-жақты қамқорлық пен көңіл бөлу. Сондықтан, аға ұрпақ тек мереке қарсаңында ғана емес, оларға үнемі қамқорлық көрсетуі керек,- деп атап өтті қала әкімі.

9 Мамыр - соғыс құрбандарын еске алумен қатар, бүгінгі жастарға ерлік пен батылдықтың  жарқын  үлгісін көрсететін тарихи күн. 

Біз ардагерлер алдында мәңгі қарыздармыз. Сондықтан, осынау жарқын мереке қарсаңында ардагер қарттарымызға құрмет көрсетіп, құттықтап шығу игі дәстүрге айналған. Аға ұрпақ өкілдерін тек қана мереке қарсаңында емес, жыл бойы назардан тыс қалдырмай, мұң-мұқтажын ескеріп, көңіл бөліп отыру барлығымыздың парызымыз деп есептеймін,- деп сөзін аяқтады Қ.Ахметов.

Қостанай қаласы әкімінің бспасөз қызметі