Құрметті әскери қызметкерлер және Қарулы Күштер ардагерлері!

Құрметті әскери қызметкерлер және Қарулы Күштер ардагерлері!

Қымбатты қостанайлықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қастерлі Отанға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қазақстанның Қарулы Күштері тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп тұрған халқымыздың қорғаны болып қала бермек. Өйткені жауынгерлеріміздің өршіл рухы еліміздің әскери қуатының қаншалықты мықты, тегеурінді күшке айналғанының жарқын куәсі. Келешек ұрпақ үшін аға буын Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктері даңқ пен айбынның, батырлық пен қайсарлықтың, биік рухтың  айқын көрінісі болып қала бермек.   

Ұлы Жеңістің меркесінің қарсаңында, барлық соғыс және Қарулы Күштер ардагерлерін, интернационалист-жауынгерлерді, әскери бөлімдердің жеке құрамдарын даңқ, батылдық пен айбын мерекесімен құттықтаймын.  Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге, жауынгерлік даярлықтарыңызға табыс, отбасына амандық, дендеріңізге саулық және бейбіт ғұмыр тілеймін.

Құрметпен,Қостанай қаласының әкімі                         Қ . Ахметов