Қала әкімінің құттықтауы

Қала әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!

Жарқын Христос Жексенбісімен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелгі, көп ғасырлық тарихы бар Пасха мейрамы жаңа өмірге келу, жақсылық пен әділдіктің символы болып табылады. Бұл күні барлық адамдардың жүрегі жақсылыққа және бақытқа толып, игі істер жасауға жетелейді.

Пасха көңілдеріңізді қуанышқа, үмітке және мейірімге толтырып, осы мерекені отбасыңызда, жақын-жуық, дос жарандарыңыздың арасында қарсы алуыңызға тілектеспін.

Құрметпен,Қостанай қаласының әкімі                                    Қ. Ахметов