Әкім аппаратында коронавирусқа қарсы екпе жасала бастады

Әкім аппаратында коронавирусқа қарсы екпе жасала бастады

Бүгін, 2021 жылдың 14 сәуірінде №2 емхана базасында алдын ала жазылып, қала әкімінің орынбасары Саят Жұматұлы Шаймурунов пен аппарат басшысы Вера Витальевна Клочко аппарат қызметкерлерінің арасында алғашқы болып вакцинацияланды. Екпе алғаннан кейін С.Шаймурунов пен В. Клочко коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында халықтың көптеген мақсатты топтарын вакцинациямен қамту қажет екенін атап өтті. Барлық қостанайлықтарды коронавирустық инфекцияға ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін осы мәселеге байыпты қарауға шақырды.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі