"Адалдық алаңы" жобасы шеңберіндегі кездесу

"Адалдық алаңы" жобасы шеңберіндегі кездесу

3 сәуірде, қала әкімі Ахметов Қ.Ж. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Д.М. Малаховпен және Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж. Ж. Жылқышиевамен Қостанай облысына жұмыс сапарлары шеңберінде кездесті. Кездесу барысында делегацияны "Ikomek" Ахуалдық орталығы мен "Қостанай-көмек алаңы"фронт – офисінің қызметімен таныстырды. Өз кезегінде, аталған бөлімшелердің басшылары мен жауапты мемлекеттік мекемелер басшылары істің ағымдағы жай-күйі, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту және оңтайландыру жөніндегі жұмыстың перспективалары туралы баяндап берді.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі