Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды нығайту

Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды нығайту

«EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша шараларды институционализациялау» 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қараша айына дейін Қордың бастамасымен отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізіледі:
1) Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және ажырасудың алдын алу мәселелері бойынша ТЕГІН онлайн/оффлайн консультациялар өткізу (психолог, жаттықтырушы, медиаторлар қатысуымен);
2) Жас отбасылар, АХАЖ қызметкерлері, соттар, психологтар және басқа да мамандар үшін отбасылық-неке қатынастары мәселелері бойынша ТЕГІН білім беру тренингтерін, семинарларын өткізу.

Жоспарланған іс-шаралар туралы толық ақпаратты қордың Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақтарынан алуға болады:
https://instagram.com/en_baqytty_el?igshid=cheehvrvg1xj

https://m.facebook.com/enbaqyttyel/?ref=bookmarks&mt_nav=0