Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 6 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 34 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,24 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 17 тұрғыны, Рудный қ. -5, Әулиекөл, Қостанай аудандарында және Арқалық қ 2-ден, Жітіқара, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара, Федоров аудандарында және Лисаковск қ. 1-ден.

31-өздігінен жүгінген кезде, 3-коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 31 адамда ауру белгілері болды, 3 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 6 сәуір аралығында COVID-19-дың  14030 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12376.