Аппараттық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер белгіленді: қала әкімдігіндегі атқарушылық тәртіптің жай – күйі туралы және қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің штат санын қысқарту туралы, баяндамашылар «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы В.В. Клочко, қала әкімінің орынбасары А.Т. Касимов сөз сөйледі. Аппараттық кеңес барысында «Е-өтініш» жаңа жүйесін енгізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ, қала әкімі Қ.Ж. Ахметов «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы О.С Умурзаковқа бөлімнің тиісті жұмысты атқармағаны үшін ауызша ескерту жасады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру және қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерін қысқарту кезінде халық үшін жұмыстың тиімділігін ескеру қажет екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік мекемелердің басшыларына осы бағыт бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша заңнаманы қатаң сақтауды тапсырды.
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі