ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жеке және заңды тұлғалар «Такси» тасымалдаушысы ретінде қызметін жүзеге асыру үшін электрондық үкімет порталы арқылы кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуі қажет. Құжаттаманы ресімдеу кезінде қызмет түрін «Жолаушылар тасымалы» деп таңдайсыз. Хабарлама бергеннен кейін Сіз «Такси» тасымалдаушылар тізіліміне кіресіз. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не (И.Г. Тимошенко - жұмыс телефоны: 541125) және «Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-не (Н.А. Бейсенов - жұмыс телефоны: 543589, 542557, 541035) хабарласа аласыз.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы қызметін рұқсат беру құжаттарынсыз жүзеге асыру ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға әкеп соқтыратынын хабарлаймыз.

Қостанай қаласының әкімдігі