Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 24 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 137 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,4 % құрады.

Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 73 адам, Рудный қ. – 18, Лисаковск қ. – 7, Қостанай ауданында – 7, Жітіқара қ., Алтынсарин, Қарасу, Майлин атындағы аудандарда 6 адамнан, Меңдіқара ауданында – 4, Денисов ауданында – 3, Әулиекөл ауданында –1.

122 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған мақсатында, 5 адам стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта.

Індет жұқтырғандардың ішінде 118 адамда ауру белгілері болды, 19 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 24 қаңтар аралығында COVID-19-дың  9487  жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 8055.