Қостанай қалалық мәслихатының жетінші шақырылған Депутаттардың кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

Қостанай қалалық мәслихатының жетінші шақырылған  Депутаттардың кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлау

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Қала бойынша сайлаушылар тізіміне 173 099 азамат енгізіліп, оның          104 032-сі немесе 60,1% сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 104 011 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша   26    сайлаушы    дауыс берді,   дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 684 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы- 73974 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 71,42 %;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-10482 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,12 %;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-15598 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 15,06 %;

«ADAL» саяси партиясы-3521 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,04 %;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:

«Nur Otan» Партиясы - 14;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» партиясы - 3;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы»  партиясы-2.

Қостанай қалалық сайлау комиссиясы