Қостанай қаласындағы жәрмеңке туралы

Қостанай қаласындағы жәрмеңке туралы

Ағымдағы жылдың  9 қаңтарда Қостанай қаласында 10 ауданның, Қостанай, Рудный және Тобыл қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде 70-ден астам шаруа қожалықтарының 78 тонна көлеміндегі өнімдері сатылды:

ет өнімдері, барлығы – 22 тонна;

сиыр еті – 13,9 тонна (килограммы 1800 теңгеден);

жылқы еті – 3,8 тонна (килограммы 1900 теңгеден);

шошқа еті – 2,7 тонна (килограммы 1600 теңгеден);

қой еті – 0,25 тонна (килограммы 1800 теңгеден);

құс еті – 1,5 тонна (килограммы 750-800 теңгеден);

жоғарғы және бірінші сұрыпты ұн – 4 тонна (бірінші сұрыпты ұн – килограммы 140 теңге, жоғарғы сұрыпты ұн – килограммы 160 теңге);

жарма және макарон өнімдері – 4,5 тонна (күріш килограммы 235-250 теңгеден, макарон өнімдері 185-200 теңгеден);

тауық жұмыртқасы – 144 000 дана (бір ондығы 300 теңгеден);

қант – 10 тонна (килограммы 244 теңгеден);

картоп – 7 тонна (килограммы 90-100 теңгеден);

көкөніс – 9,5 тонна (сәбіз килограммы 80-90 теңгеден,  пияз килограммы 65-75 теңгеден, қырыққабат килограммы 70-80 теңгеден);

күнбағыс майы – 4 тонна (литрі 595 теңгеден).

Тұрақтандыру қорынан 9,5 тонна көлемінде өнімнің 5 атауы сатылды: сиыр еті 1 тонна кг үшін 1650 теңгеден, макарон өнімдері 0,5 тонна кг үшін 185 теңгеден, картоп 3 тонна кг үшін 90 теңгеден, сәбіз 1 тонна кг үшін 87 теңгеден, пияз 1 тонна кг үшін 70 теңгеден. Сатылатын өнім көлемі шамамен 40 млн. теңгеден аса құрады.

"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ