Карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізу (COVID-19)

Карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізу (COVID-19)

Қостанай қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, қала бойынша 7 мониторингтік топ карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізеді.

Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктің, жергілікті полицияның қызметкерлері және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кіреді. 

Ағымдағы жылғы 26 қараша мен 01 желтоқсан аралығында Қостанай қаласы бойынша рейд жүргізу кезінде Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы нормаларының 10 бұзушылықтар анықталды.

Әкімдік, жергілікті полиция және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары тарапынан карантиндік талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қостанай қаласының әкімдігі өзіңізге жақын адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық-карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырады.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі