Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2026 жылғы 7 қазанда Надежда Костенюктің төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

  • Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы;

  • халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;

  • шығып қалғандардың орнына Қостанай қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бірауыздан Қостанай қалалық мәслихатының сессиясында бекітуге енгізілді.