Қала әкімінің құттықтауы

Қала әкімінің құттықтауы

Құрметті Қостанайлықтар!

Сіздерді жалпыұлттық мерекеге айналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстанның экономикасы мықты Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Сондықтан 1 желтоқсан күні бүкіл халық болып атап өтетін мерекеге айналды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Тәуелсіз Қазақстанның аса көрнекті негізін қалаушы, оның Тұңғыш Президенті, Елбасы.

Тәуелсіздігімізді сақтап, нығайтып, ата-бабамыздан қалған жерімізді сақтап, ел байлығын арттыра білген әлемдік ауқымдағы көшбасшы елімізді қарқынды өзгерістер кезеңінде басқарып отырғаны Қазақстан үшін тарихи үлкен жетістік.

Ұлт Көшбасшысының стратегиялық дарыны, оның саяси қайраты мен күш-жігері, алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылығы Қазақстанды бірлік, бейбітшілік пен қоғамдық келісім қоғамның ең қымбат құндылықтарына айналған елге айналдырды.

Баршаңызға шын жүректен бейбітшілік пен жақсылық, табыс пен амандық тілеймін!

Қостанай қаласының әкімі                                                                    Қ.Ж. Ахметов