
ГАЗДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ АСПАПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАР
2026 ЖЫЛҒЫ 24 ТАМЫЗДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?
2026 жылғы 24 тамыздан бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Оларға сәйкес тауарлық газды есепке алу аспаптары деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етуге және белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
2026 ЖЫЛҒЫ 24 ТАМЫЗДАН КЕЙІН ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР АЛҒАН ЖАҢА ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН
2026 жылғы 24 тамыздан кейін техникалық шарттар алған барлық жаңа тұтынушылар деректерді қашықтан беру функциясы бар smart газ есептегіштерін нарықтан өз қаражаты есебінен сатып алуға тиіс.
Маңызды: газ тарату ұйымының қаражаты есебінен есепке алу аспаптарын ауыстыру жаңа талаптар күшіне енгенге дейін газ желілеріне қосылған тұрмыстық тұтынушылар үшін ғана көзделген.
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН
Барлық қолданыстағы өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін өздерінің газды есепке алу аспаптарынан деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етуі тиіс.
SMART ЕСЕПТЕГІШ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Деректерді қашықтан бөлу функциясы бар есепке алу аспабы көрсеткіштерді тұрақты түрде қолмен беру қажеттілігінсіз газ тұтыну туралы мәліметтерді автоматты түрде беруге мүмкіндік береді.
НЕГІЗДЕМЕ
QAZAQGAZ AIMAQ
Жаңа технологиялар – көбірек ыңғайлылық, ашықтық және сенімділік!