Салтанатты жиналыс

Салтанатты жиналыс

Бүгін қала әкімі Қ.Ж. Ахметов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлт бірлігін нығайтуды, Конституцияны, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлі баға жетпес. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті көпұлтты халықты біріктере алды, оның дұрыс шешімдерінің арқасында еліміз қиын кезеңдерде ішкі шиеленістерді болдырмай, экономиканы көтеріп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарта алды.

Кездесу соңында еліміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін: Ахметов С. Т., Баязид Ж., Бектұрғанова Р. Ш., Вишниченко В. Г., Кадамбаев Т., Гайсенова Р.Г., Мырзаканова Г.Б., Оспанов С. және Тукенов С. М. марапатталды.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі