
Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" МКК алдағы жылу маусымына жылу желілерін дайындауға және Мәуленов пен Дощанов көшелерінің қиылысында № 12 жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін Мәуленов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы уақытша жабылатынын хабарлайды.
Маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді және баламалы қозғалыс жолдарын алдын ала таңдауды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағаныз үшін алғыс айтамыз.