Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабұловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Турлубекова және Қостанай қаласы әкімдігінің «Әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор-жауапты хатшысының міндетін атқарушы Татьяна Мирнова қатысты.
Сессияның күн тәртібіне үш мәселе енгізілді. Аталған мәселелер қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралды.
Кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты қабылданды. Атап айтқанда, Заң «Мәслихат аппараты басшысының құзыреті» деп аталатын 25-1-баппен толықтырылып, мәслихат аппараты басшысының функциялары кеңейтілді.
Бұдан бөлек, Қостанай қаласының бюджетін нақтылау мәселесі қаралды. Бюджетке енгізілген түзетулер мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алулары бойынша қалыптасқан үнемге, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыруға байланысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.