
«Қостанай-Су» МКК орталықтандырылған қалалық сумен жабдықтаудың желілерін жуу және дезинфекциялау бойынша жоспарлы жұмыстардың жүргізілетінін хабарлайды.
Іс-шаралар 2026 жылғы 18–21 тамыз аралығында өтеді және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыз судың сапасын жақсартуға бағытталған.
Тұрғындар үшін маңызды ақпарат
Гиперхлорлау кезінде төмендегі жағдайлар болуы мүмкін:
Сумен жабдықтау жүйесінде қысымның төмендеуі және су берудің қысқа мерзімді тоқтауы.
Хлордың тән иісінің пайда болуы.
Судың органолептикалық қасиеттерінің уақытша өзгеруі (түсі, лайлануы немесе дәмі).
Тұрғындарға ұсыныстар:
Анықтама үшін байланыс телефондары:
«Қостанай-Су» МКК апаттық-диспетчерлік қызметі: 8 (7142) 22-25-00.
Баспасөз қызметі: 8 (708) 841-60-74.
«Қостанай-Су» МКК әкімшілігі келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді!