Карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізу (COVID-19)

Карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізу (COVID-19)

Қостанай қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, қала бойынша 7 мониторингтік топ карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізеді.

Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктің, жергілікті полицияның қызметкерлері және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кіреді. 

Ағымдағы жылғы 20-23 қараша аралығында Қостанай қаласы бойынша рейд жүргізу кезінде Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы нормаларының 16 бұзушылықтар анықталды.

2020 жылдың 20 қарашасында сағат 13:36-да Қостанай қаласы, Қобыланды батыр көшесі, 25 мекенжайында орналасқан «Саулеш» кафесі көзге түсті. Бұл жерде 50 адамға арналған үйлену тойы өткізілген. Сондай-ақ, «Sәtti» мейрамханасында 40 адамға арналған және Тәуелсіздік көшесі, 135 мекенжайы бойынша орналасқан асханада 22 адамға арналған отбасылық іс-шаралар өткізілген.

Карантиндік шаралардың күшеюіне қарамастан, ойын-сауық мекемелері түнгі уақытта жұмысын жалғастыруда. Сағат 21:00-ден кейін «Шахерезада» кафесі, «Облако» түнгі клубы және «Baker Street» караоке-бары қызметін жүзеге асыруға жол берді.

Әкімдік, жергілікті полиция және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары тарапынан карантиндік талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қостанай қаласының әкімдігі өзіңізге жақын адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық-карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырады.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі