
«Әуежай» шағын ауданындағы «Қостанай-Су» МКК су құбыры желілерінде жуу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК ыстық сумен жабдықтауды уақытша тоқтатуға мәжбүр.
Шектеу 2026 жылғы 23 шілде сағат 00:00-ге дейін қолданылады.
Су құбыры желілеріндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін ыстық сумен жабдықтау қайта қалпына келтіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.