
Аппараттық кеңесте өмірінің 56 жылын медицина саласына арнаған дәрігер-анестезиолог-реаниматолог Сергей Федорович Хван 80 жасқа толған мерейтойымен құттықталды. Оның 45 жылы Қостанай қаласының денсаулық сақтау жүйесінде өткен.
Сергей Федорович 30 жылдан астам уақыт бойы облыстық онкологиялық диспансерде еңбек етіп, үлкен кәсіби жолдан өтті және бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де сүйікті мамандығынан қол үзбеген ол, бүгінгі күнде қалалық ауруханада дәрігер-анестезиолог-реаниматолог болып жемісті еңбек етіп келеді.