Қазақстанда ITeachMe 8.0 білім беру жобасының жаңа маусымы басталады

Қазақстанда ITeachMe 8.0 білім беру жобасының жаңа маусымы басталады

«ITeachMe» қоғамдық қоры «Шеврон Евразия» компаниясымен әріптестікте ITeachMe білім беру жобасының жаңа 8-маусымының басталғанын хабарлайды.

ITeachMe 8.0 — мүгедектігі бар адамдардың, жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің цифрлық дағдыларын, кәсіби бәсекелестігін және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған тегін білім беру бағдарламасы.

Бұл маусымда оқыту екі заманауи бағыт бойынша өтеді:

  • жасанды интеллектіні қолдана отырып, CRM-жүйелерді меңгеру;
  • жасанды интеллектіні қолдана отырып, UI/UX және Content Management бағыттарын меңгеру.

Жоба қатысушылары кәсіби цифрлық дағдыларды игеріп, заманауи құралдармен жұмыс істеуді үйренеді, нарықтың нақты міндеттерімен танысады және жұмысқа орналасу жолында қолдау алады. Жобада оқытудың қолжетімділігіне, қатысушыларды сүйемелдеуге және жайлы инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

ITeachMe жобасының алдыңғы 7 маусымында оқуға 7000-нан астам өтінім келіп түсті, шамамен 900 оқушы курстарды аяқтады, олардың 90%-ы жұмысқа орналасты.

Жобаның мақсаты — қатысушыларға сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды тегін меңгеруге, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіби дамуына қажетті практикалық құралдарды алуға мүмкіндік беру.

Жоба бағдарламасы мыналарды қамтиды:

  • 4 айлық қарқынды онлайн-оқыту;
  • практикалық тапсырмалар;
  • кәсіби қызметте жасанды интеллект құралдарын меңгеру;
  • жұмысқа орналасуға көмек көрсету.

Қатысуға шақырылады:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері;
  • цифрлық дағдыларын дамытқысы келетін жастар;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
  • жаңа білім алып, болашақ мамандығы үшін сұранысқа ие құралдарды меңгергісі келетін Қазақстанның барлық азаматтары.

ITeachMe 8.0 жобасы әрбір қатысушы сұранысқа ие білім алып, өзіне деген сенімділігін арттырып, жаңа мамандыққа алғашқы қадам жасай алатын қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған.

Қатысуға өтінімді мына сілтеме арқылы беруге болады:
 https://daurbekg.github.io/iteachme8/