
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің өкілдері қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы квиз өткізді.
Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қапышев Багдат Агибаевич және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Бағда Бірлік Серікұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте адалдық, заңдылық және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квиз интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз білімдерін сынап, құқықтық сауаттылықтарын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша білімдерін нығайтты.