Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 19 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 63 жағдайы тіркелді.

Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 27 адам, Әулиекөл ауданында – 12, Қарабалық ауданында – 8, Денисов ауданында – 7, Рудный қ. – 6, Лисаковск қ – 1, Қостанай ауданында – 1, Б. Майлин атындағы ауданында – 1.

47 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғандықтан тексеріп анықталды, 2 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (жоспарлы түрде жатқызудың алдында) анықталды.

Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 16 адамда – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 19 қараша аралығында COVID-19-дың  4553 жағдайы  тіркелді, 3469 адам емделіп шықты.