
Сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтаймын!
Бұл – еліміздің дамуына жаңа жол ашқан маңызды тарихи оқиға.
Жаңа Конституция әділдікке, заңның үстемдігіне, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігіне және ел бірлігіне негізделген.
Бұл құжат Қазақстан халқы қуатты, заманауи әрі өркендеген мемлекет құруға ортақ мақсатын көрсетеді.
Жаңа Конституциядағы нормалар еліміздің және әр өңірдің дамуына берік негіз болады деп сенемін. Оның толық іске асуы – еліміздің бірлігіне, жауапкершілігіне және белсенді азаматтық ұстанымына байланысты.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, татулық және Қостанайымыз бен Қазақстанымыздың игілігі жолындағы жаңа табыстарға жетуді тілеймін!
М.Жундубаев