Карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізу (COVID-19)

Карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізу (COVID-19)

Қостанай қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, қала бойынша 7 мониторингтік топ карантиндік режимді сақтау тұрғысынан объектілерге мониторинг жүргізеді.

Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктің, жергілікті полицияның қызметкерлері және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кіреді. 

Ағымдағы жылғы 18 қарашада  Қостанай қаласы бойынша рейд жүргізу кезінде Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулы нормаларының 5 заңбұзушылықтар анықталды.

Әкімдік, жергілікті полиция және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары тарапынан карантиндік талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қостанай қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық-карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырады.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі