Журналистермен кездесу өтті

Журналистермен кездесу өтті

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында қала әкімі жергілікті журналистермен кездесті.

Кездесу бесінші жыл қатарынан бейресми форматта өткізіліп келеді. Іс-шара барысында қала дамуы талқыланып, пікір алмасу өтті, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер көтерілді.

Биылғы кездесу Триатлон паркінде ұйымдастырылды. Соңғы жылдары бұл аумақ танымал демалыс орындарының біріне айналып, қаланың оң өзгерістерінің айқын көрінісі болды.

Кездесу барысында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар атап өтілді. Сонымен қатар, алдағы жылдары шамамен 40 шақырым веложол салу жоспарланып отырғаны айтылды.

Іс-шара аясында журналистерге велосипедтер табысталды. Бұл шешім журналист мамандығының үнемі қозғалысты, жеделдікті және оқиғалардың ортасында болуды талап ететін ерекшелігімен байланысты.

Қала әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кәсібилігі мен объективтілігі үшін алғыс білдірді.