Қостанайда көше және сәулеттік жарықтандыру жүйесі қарқынды дамып келеді

Қостанайда көше және сәулеттік жарықтандыру жүйесі қарқынды дамып келеді

Жұмыс сапары барысында қаланың көше жарығы мен ғимараттардың сәулеттік жарықтандырылу жағдайына мониторинг жүргізілді.

Қостанай қаласында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары 2023 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатқа 4,5 млрд теңге бөлінген.

Нәтижесінде 2023 жылы қаланың 274 көшесі немесе жалпы көшелердің 65%-ы жарықтандырылған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 402 көшеге немесе 95%-ға жетті.

2026 жылдың соңына дейін қаладағы жарық шамдарының саны 19 623-ке дейін ұлғайтылады. Оның 68%-ын жарық деңгейін тәулік уақытына, ауа райы жағдайына және көлік қозғалысының қарқындылығына қарай автоматты түрде реттейтін заманауи энергия үнемдейтін диммерлі шамдар құрайды.

Сонымен қатар қалада ғимараттардың сәулеттік жарықтандырылуын дамыту жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі уақытта 188 көпқабатты тұрғын үй мен бизнес нысаны сәулеттік жарықпен жабдықталған. Бұл қаланың эстетикалық келбетін жақсартып, түнгі уақытта тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қостанайды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз және заманауи қалалық орта қалыптастыру.