Мемлекеттік қызметшілер күніне және Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Мемлекеттік қызметшілер күніне және Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің қоғам алдындағы маңызды рөлі атап өтілді. Бұл екі мамандықты жоғары жауапкершілік, қызметтік парызға адалдық және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне қызмет ету сияқты ортақ құндылықтар біріктіреді.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосса, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Өз қызметінде олар заңдылық пен тәртіп қағидаттарын басшылыққа алады.

Салтанатты жиында мемлекеттік басқару сапасын арттыру, сервистік мемлекеттік модельді дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударылды. Бұл жұмыстардың негізінде ашықтық, тиімділік, кәсібилік және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою қағидаттары жатыр.

Мемлекеттік қызмет саласына ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен мамандарға алғыс білдіріліп, үздік қызметкерлерге адал еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін марапаттар табысталды.