
Биыл көше-жол желісін жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 5,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде орташа жөндеуге – 3,1 млрд теңге, жолдарды ағымдағы жөндеуге – 517 млн теңге, ал аула аумақтарын жаңғыртуға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылды.
Соңғы жылдары облыс орталығындағы 550 ауланың 515-і жаңартылып, бұл көрсеткіш 94 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 35 нысанда жұмыстар жалғасуда. Барлық нысандарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде аулаларды жаңарту бағдарламасы толық аяқталуға жақындайды.
Тұрғын үй алаптарындағы аула аумақтарына да ерекше көңіл бөлінуде. Амангелді тұрғын үй алабында жалпы көлемі 28 мың шаршы метрді құрайтын аула аумақтарын асфальттау жұмыстары толық аяқталды.
Әрбір жоба сапалы орындалып, тұрғындардың сұранысына толық сәйкес болуы басты назарда.