
Күрделі жөндеу нысандары бойынша келесі негізгі жұмыс түрлері қарастырылған:
– шатырды жөндеу;
– су ағызу жүйесін жөндеу;
– қасбетті линеарлық панельдермен қаптау;
– алдыңғы беттегі балкондарды әйнектеу;
– қасбетті сәулеттік жарықтандыруды орнату.
Ағымдағы жөндеу нысандары бойынша:
– қасбетке сәндік сылақ жағу;
– сәндік элементтермен әрлеу;
– алдыңғы беттегі балкондарды әйнектеу және қаптау;
– қасбетті сәулеттік жарықтандыруды орнату.
Сондай-ақ тұрғындардың «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге қайтарымды негізде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар екенін назарларыңызға саламыз. Бағдарлама бойынша жұмыстарды «ЖКХ-Ремонт» ЖШС жүзеге асырады.
Толық ақпарат алу үшін Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайына жүгінуге болады.