
КСК ауданындағы «Солнечный» дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында автотұрақ салу, 3 мың шаршы метрден астам аумаққа асфальт төсеу және сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту көзделген. Барлық жұмыстар тұрғындардың қолайлылығын арттыруға және заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Жұмыс барысын зерделеу кезінде автотұрақ аумағында орналасқан стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру мәселелері де қаралды. Аталған жер учаскелері 2028 жылға дейін жалға берілген. Сонымен қатар оларды пайдалану қолданыстағы келісімшарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы және нысандардың сыртқы келбеті қаланың дизайн-кодына сай болуы тиіс екені атап өтілді.
Сондай-ақ «Солнечный» супермаркетіне келушілерге арналған аумаққа ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл кеңістіктің бір бөлігі жалға алушылар тарапынан коммерциялық мақсатта пайдаланылып отыр. Дегенмен аумақ өзінің тікелей мақсатына сай қолданылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға қызмет етуі қажет.
Бұдан бөлек, дәріханалар, дүкендер және өзге де бизнес нысандарын қоса алғанда, барлық іргелес аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ғимараттардың сыртқы келбеті мен оған жақын аумақтардың жағдайы абаттандыру талаптарына және бірыңғай сәулеттік орта қағидаттарына сәйкес болуы тиіс.