Қалалық әкімдікте Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қалалық әкімдікте Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қалалық әкімдікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышандары екені атап өтілді.

Жиынға мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме қызметкерлері қатысып, мемлекеттік рәміздердің маңызы, олардың патриоттық тәрбие берудегі рөлі туралы айтылды. Сондай-ақ, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені ерекше атап өтілді.

Мерекелік іс-шара қатысушылардың отансүйгіштік рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.