
«Терма Парк» бассейнінде балаға көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалуға атсалысқан тұрғындар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Марапатқа Дияр Рахимжанов, Виталий Буряк және Татьяна Сивопляс ие болды.
Оқиға 24 мамыр күні орын алған. Судан шығарылған балаға медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмек дер кезінде көрсетілді.
Куәгерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта бала ауруханадан шығарылды.
Кездесу барысында алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерудің маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты тұрғындарды алғашқы көмек көрсетуге оқыту мәселесі пысықталуда.