«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда

«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда

«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.

Биыл бюджет қаражаты есебінен 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың 9-ы толық салынып бітсе, аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 3 үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Оларды жаз айларында пайдалануға беру көзделген.

Кеңес барысында жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Өткен жылы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданның болашақтағы жүктемесі ескеріліп, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, жоба қайта қаралған болатын. Жаңартылған жоба аясында жолдарды кеңейту қарастырылған: кей учаскелерде жол ені 7 метрден 14 метрге дейін, ал кей көшелерде 4 метрден 7 метрге дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар көшелер саны 5-тен 6-ға дейін артады.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын биыл толық аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ шағын ауданда тұрғындардың демалысына арналған көлемі 4 гектар болатын саябақ аймағын құру мүмкіндігі қарастырылуда.