СПОРТҚА – ИӘ! ЕСІРТКІГЕ – ЖОҚ!

СПОРТҚА – ИӘ! ЕСІРТКІГЕ – ЖОҚ!

Қаламыздың көшелері салауатты өмір салтының, жылдамдық пен бірліктің ерекше энергиясына толды! Саналы әрі белсенді болашақты таңдаған жандардың басын қосқан ауқымды «Спорт есірткіге қарсы» веломарафоны өтті.

Шараға 300-ге жуық қатысушы қатысып, қоғамымыздың салауатты өмір салтын қолдайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл маңызды бастамада “Жоғары спорт шеберлігі мектебінің” спортшылары ерекше белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсетті.

Біздің тәрбиеленушілеріміз спорттың кез келген зиянды әдетке қарсы ең тиімді балама екенін тағы да айқын дәлелдеді. Өйткені спорт – бұл мінез, тәртіп, табандылық және үнемі алға ұмтылу.

Біздің басты ұстанымымыз – спорт еркіндікке, күш-жігерге және салауатты санаға бастайды. Есірткі адам өмірін уақытша тұмандандырса, спорт жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, шынайы күш береді.

Біз салауатты ұрпақты, қуатты ұлтты және әрбір мәре жаңа жеңіске айналатын жарқын болашақты таңдаймыз!

Баршаңызды спортты таңдауға, өмірді бағалауға және өзгелерге үлгі болуға шақырамыз!